
Нарымбетов
Бақытжан Хаберұлы
1986 жылдың 4 тамызында дүниеге келді.
2007 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша ә
Б.Нарымбетов жұмыс тәжірибесін 2007 жылы «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының Алматы қалалық филиалының PR- менеджері қызметінде бастайды. Кейін Бақытжан «Жасыл Ел» ЖЕЖ РШ Алматы қалалық филиалының жетекшісі болып тағайындалады, ал 2008 жылдың қаңтар айынан Алматы қаласындағы жастар қоғамдық ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры қызметіне кіріседі.
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылығындағы қызметіне дейін Б.Нарымбетов 2008 жылдың маусымынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалын басқарады.
2008–2009 жж. — «Нұр Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Орталық Кеңесінің мүшесі.
Қазір Бақытжан Нарымбетов «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылығы Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сарапшысы болып қызмет атқаруда.










