Шаралар күнтізбесі
Назад
Мамыр 2012 ж.
Вперед
ДсСсСрБсЖмСбЖс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Ауа-райы
Астана
+7 +9
Алматы
+19 +21
Өтегенов Шәріпбай Әбдімәлікұлы

Өтегенов
Шәріпбай Әбдімәлікұлы

Жастар бағдарламалары мен жобалар бөлімінің консультанты

1963 жылдың 23, ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келді. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық институтын бітірген. Білімі бойынша мамандығы — «Тарих пәнінің мұғалімі», «Қаржы бакалавры». 1982–1985 ж.ж.

Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери және интернационалдық парызын өтеп қайтты. Әскери қызметтен запасқа шығарылғаннан кейін Шымкент қаласындағы Пионерлер сарайы әскери-патриоттық клубын басқарды.

Әскери қызметте өзін жақсы қырынан танытып, Ауғанстан соғыс ардагерлері тарапынан сенімге ие болуының нәтижесінде Шымкент облыстық Ауғанстан соғысы ардагерлері бірлестігін басқарды.

Түрлі қызметтер атқарып, ОҚО Ауғанстан соғысы ардагерлері Одағының төрағасы болып сайланды. Одан кейін партияның Орталық аппаратына Аналитикалық жұмыстар және жастар саясаты департаментінің патриоттық тәрбие беру секторының меңгерушісі қызметіне шақырылды.

Қазіргі таңда «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылығының Жастар бағдарламалары мен жобалар бөлімінің консультанты қызметін атқаруда және Ауғанстан соғысы және Қазақстан Республикасындағы жергілікті соғыс ардагерлері Одағын басқарады.

«Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі. Соғыс ардагерлері халықаралық Комитеті Жоғары Кеңесі Төрағасының орынбасары, Орталық Азия мен Қазақстандағы ардагерлер ұйымы Үйлестіру Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы, КСРО, Ауғанстан мен ТМД елдерінің ордендері мен медалдарымен марапатталған.

Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.