Шаралар күнтізбесі
Назад
Мамыр 2012 ж.
Вперед
ДсСсСрБсЖмСбЖс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Ауа-райы
Астана
+7 +9
Алматы
+19 +21
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
                                                  
                                                                      clip_image002.jpg

                                                         «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
                                                           жалпыреспубликалық марафон-эстафетасы

2010 жылдың 12 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаев Ақордада орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен, облыстардың барлық әкімдерімен өткен жиналыста Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму мәселелерін талқылау барысында Ақтөбе облысының «Нұр Отан» ХДП  «Жас Отан» Жастар қанатының филиалының жұмысын өте жақсы деп бағалап, Ақтөбелік жасотандықтардың идеяларын Республикамыздың барлық аймақтарында жүзеге асыруға тапсырма берген болатын. Аталған идея «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты атқа ие болды.

 «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты аталған акцияны Республикамыздың барлық аймақтарында өткізу бастамасын 2010 жылдың 26 мамыр күнінен бастап, аудандардағы делегацияның, құрылыс және «Жасыл ел» отрядтарының, жұмысшы және студент жастарының, еңбек және ҰОС ардагерлерінің, педагогтардың, ата-аналар және қоғам өкілдерінің қатысуымен облыс орталығының орталық алаңында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасы ресми түрде бастады.

Ақтөбе облысының «Жас Отан» Жастар қанаты ерекше көзге түсті. Марафон-эстафетада орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары, кәсіптік-техникалық лецейлер мен колледждері (45 мың адам), студенттік құрылыс сарбаздары мен «Жасыл ел» отрядтары (5 мың адам), сонымен қатар, қала және аудан кәсіпкерлеріктерінің 20 мыңға адам жұмысшы жастары қатысты.

Сонымен қатар, 148 командалық пункт, 1800 оқушылар топтарынан жасақталған 300 отряд құрылды. Жұмыс барысында оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты ұстаздар ішінен топ басшылары бекітілді.

Бес мың СҚО сарбаздары әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеп, құрылыс жұмыстарын жүргізді.

2010 жылдың сәуір айынан бастап 20 мың жұмысшы жастардың өкілдері ауылды көгалдандыру мен абаттандыруға қатысты.

Барлық қатысушылар киім-кешекпен, арнайы киімдермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жоғарғы оқу орындарының асханаларында қатысушылар бір реттік ыстық тамақпен қамтылды.

Марафонның қатысушыларына жұмыс көлемін орындауға байланысты айлық жалақысы төленді.

 clip_image003.jpg

Аталған жобаға облыстық бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық ақша бөлінді. Білім басқармасы, қала және аудан әкімшіліктері арқылы қаржыландыру механизмі анықталды.  

Тартылған қаржатқа байланысты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасының бастамасы бірнеше аймақтарда өте сәтті өтті.

 clip_image004.jpg

 

2010 жылы Алматы облысында 10, Атырау облысында 80, Шығыс Қазақстан облысында 38, Манғыстау облысында 47, Солтүстік Қазақстан облысында 10 жұмысшы жастар отрядтары құрылды. Жалпы саны 7 300 адам болды. Сонымен қоса, 500-ге жуық техника жұмысқа тартылды.

 «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасын жүзеге асыру 2010 жылы 15 қыркүйекке дейін жалғасты. Оған тек жастар ғана емес, сонымен қатар, жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, облыстық кәсіпорындардың қызметшілері, қала, аудан және ауыл тұрғындары қатысты.

 

         2011 жылы

2011 жылы 18 наурыз күні Республиканың барлық аймақтарында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасы өз бастауын алды. Салтанатты ашылуы Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында өтті.

2011 жылы «Жас Отан» Жастар қанаты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірігіп, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасын жүзеге асыру мәселесі бойынша Республикалық үйлестіру штабын құрды.   

Наурыз айынан бастап, аталған жобаны үйлестіру бойынша барлық облыстарда облыстық штабтар жұмысын бастады. Олар орасан зор еңбек атқарды.  

 clip_image005.jpg

 

Сәуір айында Республиканың барлық облыстарына «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасын жүзеге асыру мәселесі бойынша Республикалық үйлестіру штаб мүшелерінің аймақтарға іс-сапарлары ұйымдастырылды.

2011 жылы аталған бастаманы қолдау аясында Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасын өткізу бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің үйлестіруі арқылы барлық аймақтарда мақсатты бағытта жұмыстар атқарылды. Барлық облыстарда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыреспубликалық жастар марафон-эстафетасын жүзеге асыру мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың жоспарына сәйкес, аумақтарды тазарту мен аббаттандыру, жасыл желектерді отырғызу мен оны күту, саябақтарды санитарлы тазарту, стихиялық қоқыстарды тазарту, аулаларда ашық спорттық алаңдарын және  мектеп стадиондардын құру, аббаттандыру және т.б. жұмыстар жасалды.

Ағымдағы жылы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты ұранмен аталған жұмыста 600  мыңға жуық адам қатысты. Олардың ішінде «Жас Отан» ЖҚ беселсенділері мен мүшелері, СҚО отрядтарының сарбаздары, «Жасыл ел» және жұмысшы жастар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы марафон-эстафетада тек жастар ғана емес, сонымен қатар, жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, облыстық кәсіпорындарының қызметшілері, қала, аудан және ауылдар да қатысты.

 clip_image006.jpg 

Осы кезеңге дейін 600 жуық өзен, көлдер мен суқоймалар тазартылды.

Маңғыстау облысында Каспий маңы жағалауын тазартуда құрамында 50 адам бар  15 жуық отрядтар қатысты.  

Павлодар облысында көрсетілген кезеңге дейін Ертіс өзенінен  салмағы 5 тен 10 граммға дейін 5 млн. жас балық құтқарылды.

Жалпы еліміздің барлық жерінде 530 000-ға жуық ағаш және жасыл желектер отырғызылды, 380 000 тонна қоқыс шығарылып қайта өңдеуден өтті. Сонымен қатар, білім ұйымдарының, жергілікті тұрғын пунктерінің, спорттық және балалар алаңдарының аббаттандыру бойынша аулалар тазартылды.   

Марафонның қатысушыларына жұмыс көлемін орындауына байланысты айлық жалақысы төленді. Мысалы, Ақмола облысының Бұландық ауданындағы Тастыөзек орта мектебі «Бұланды Мекен» ЖШС-мен орманды алаптарды тазартумен айналысатын еңбек отрядтарының сарбаздарына айлық төлемақысын төлеу бойынша келісімшарты бар. (сарбазға 4 сағаттық жұмыс уақытына күніне 1500 теңге төленіп отырды. Отрядтың ішіндегі тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 15 сарбаз табыс тауып, оқу жылына дайындалуға мүмкіндік алды). Жалпы Республика бойынша жоба аясында 200  мыңға жуық жастар жұмыспен қамтамасыз етілді.

 clip_image007.jpg

2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың марафон эстафетасының салтанатты жабылуын өткізуге байқау жариялаған болатын. Аталған байқаудың жеңімпазы «Жасыл ел» республикалық жастардың еңбек жасақтарының штабы болып танылды.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың марафон эстафетасының жабылу салтанаты 2011 жылдың 22 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының Жеңіл атлетикаспорт кешенінде өткен болатын. Шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі           А. Мырзахметов, «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. Өтешев қатысты.

Сонымен қатар, жабылу салтанатына Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, үздік еріктілер, «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтарының басшылары, 2000-нан аса еліміздің өңірлерінен шақырылған марафон эстафетасының белсенділері қатысты.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастардың марафон эстафетасы аясында жүргізілген жұмыс туралы толық ақпаратты төменде келтірілген  кестеден көре аласыздар.