Шаралар күнтізбесі
Назад
Мамыр 2012 ж.
Вперед
ДсСсСрБсЖмСбЖс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Ауа-райы
Астана
+7 +9
Алматы
+19 +21
«Еркін пікір» мобилді пікір-талас клубы

«Еркін пікір» мобилді пікір-талас клубы

«Нұр Отан» ХДП Хатшысы Е. Қариннің тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары 2009 жылдың басынан бастап «Еркін пікір» мобилді пікір-талас клубының отырысы өткізілуде.

«Еркін пікір» мобилді пікір-талас клубының отырысын өткізудің негізгі мақсаты — жастардың бойындағы барлық көшбасшылық, зияткерлік қасиеттерін ұлт мәселелерін шешуге, қоғамдағы халықты алаңдатып жүрген көкейтесті сауалдардың ең дұрыс шешімін тауып, заман талабына сай саналы ой, салиқалы түйін түюіне жағдай жасау.

«Еркін пікір» клубы — жаңа формациялы зиялы жастардың өркениетті пікірталас өткізу алаңы. Мұндағы пікір таластыру — жеке тұлғаның өзін-өзі жарнамалап, жалған көшбасшылыққа жеткізу емес, керісінше, ортақ шешімге, бір мәмлеге келудің жолы. Ақиқат даудан туады, ендеше, ақиқат үшін әділетті даудан қашудың жөні жоқ.