Шаралар күнтізбесі
Назад
Мамыр 2012 ж.
Вперед
ДсСсСрБсЖмСбЖс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Ауа-райы
Астана
+7 +9
Алматы
+19 +21
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ халықаралық ынтымақтастығы

  

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының негізгі жұмыс жүргізу бағыттарының бірі - халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық жұмысы жастар саясатының келесідей саласын қамтиды: жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру мәселесінде тәжірибе алмасу, бірлескен семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, білім беру бағдарламаларына қатысу, балалар мен жастардың қоғамдық ұйым өкілдері арасында тәжірибе алмасу. Бүгінгі таңда, «Жас Отан» ЖҚ халықаралық деңгейде жастар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту бағытында басты жұмысының міндеті ретінде бірлескен орта кезектегі іс-шаралар жоспарын жасақтап, ынтымақтастық туралы ортақ хаттамалар, меморандумдарға қол қою және оларды іске асыруға бағытталған.

Халықаралық ынтымақтастық келесідей төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл ТМД елдері ынтымақтастығы аясында құрылған Жастар ісі жөніндегі Кеңес; Саяси партиялар мен ұйымдардың жастар қанатының Еуразиялық көшбасшылар клубы; Екіжақты қол қойылған және қол қойылуы жоспарланып отырған шет мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде; ШЫҰ Жастар кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдармен бірігіп жасақталуы тиіс жобалар мен шаралар арқылы.  

Сонымен қатар, ТМД ұйымына мүше елдер жыл сайын жастар саясатына саласына арналған іс-шаралар жоспарын жасақтайды. Жылына екі рет ТМД жастар ісі жөніндегі Кеңес кезекті отырысын өткізеді. Аталған шара соңында отырыс хаттамасы арқылы жастар саясаты саласына маңызды шешімдер қабылданады. 

2009 жылдың 29-30 қазан күндері Астана қаласында ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңестің және ШЫҰ Жастар кеңесінің кезекті отырыстары өткізілген болатын. Сонымен қатар, осы аралықта Астана қаласында ТМД және ШЫҰ ұйымдарына мүше елдердің саяси партиялар және ұйымдарының жастар қанатының көшбасшыларымен кездесулер барысында, саяси партиялар мен ұйымдарының жастар қанатының Еуразиялық көшбасшылар клубының құрылатындығы туралы резолюцияға қол қойылды. (Әрі қарай - Клуб). Аталған клубтың Хатшылығы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ  болып табылады. Клуб мүшелігіне ТМД және ШЫҚ 12 мемлекетінен өкілді ұйым кіреді. Олар Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан.

Клубтың мақсаты – жастарды халықаралық саяси, мәдени, экономикалық, ғылыми, білім және әлеуметтік үрдістерге сонымен қатар, жастармен жұмыс жасау және жастардың заманауи инновациялық тұрғыдағы толеранттылықты түсінудің жаңа қырын ашуға, бейбіт ғұмыр кешуге жас ұрпақты тәрибелеуде тәжірибе алмасу.

DSC_0024.jpg

2010 жылдың 24-28 мамыр күндері аралығында  Қазақстандағы Германия жылы аясында «Жас Отан» Жастар қанаты ГФР Жастардың көші-қон қызметі өкілдерімен  «Жас мигранттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы халықаралық тәжірибемен алмасу» тақырыбында  кездесу өткізген болатын. Аталған шара аясында, жастар саясатына байланысты өзекті мәселелер бойынша қызу талқылар, тренингтер өтіп, қонақтарды Орталық атқарушы органдар өкілдері мен Қарағанды қаласындағы Оралмандардың оңалту орталығы жұмысымен таныстырды.

 

 DSC_0043.JPG

2010 жылдың 1-2 шілдесінде Астана қаласында ІІІ Астаналық экономикалық форумы аясында, саяси партиялар мен ұйымдардың жастар қанаттарының Еуразиялық көшбасшылар клубы құрылтайшыларының консультативтік кеңесі өтті. Аталған шара барысында жастар саясатының түрлі бағыттары бойынша біріккен жобалар қаралып, Қырғыз Республикасында орын алған уақиғаларды, және де 2010-2011 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспары қаралған болатын. Саяси партиялар мен ұйымдардың жастар қанаттарының Еуразиялық көшбасшылар клубы отырысының қорытындысын 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Сонымен қатар, құрылтайшы мүшелер ІІІ Астаналық экономикалық форумы жұмысына қатысып, форумның жастар сессиясының модераторы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан»ЖҚ Атқарушы хатшысы Н.С. Өтешев болды.  

DSC_0150.JPG

2010 жылдың 5-6 шілдесінде Санкт-Петербург қаласында есей Федерациясы) ШЫҰ Жастар кеңесінің 3-ші отырысы өтті. Отырыс барысында 2010-2011 жылдарға арналған ШЫҰ Жастар кеңесінің негізгі іс-шаралар жоспары және Кеңес жұмысы туралы сонымен қатар, ұйымдағы қазақстандық ұлттық бөліктегі төрағалықты құзыреті турасында талқылаулар жасалды.

SDC11188.JPG

2010 жылдың 29-31 қазан күндері Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығату мақсатында Қытай Коммунистік жастар одағы мен «Жас Отан» Жастар қанаты арасында кездесу өткен болатын. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Қытай Халық Республикасына жасаған бірінші ресми іс сапары қорытындысында Бүкілқытай Жастар Федерациясы және Қытай Коммунистік жастар одағы өкілдерін 2011 жылы екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қоюға ресми сапармен келуге шақыру жасалды. 

DSC_0086.JPG

2010 жылдың 30 қарашасында Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласында алғаш рет Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер жастар ісі жөніндегі министрлерінің кеңесі өткен болатын.(ЭЫҰ)  

Отырысты өткізудің басты мақсаты – ЭЫҰ Жастар кеңесін құру болып табылады. ЭЫҰ Жастар кеңесінің құрылуы, ЭЫҰ-на мүше елдердің  өзара жастар саясаты саласында жеткен жетістіктер мен тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, аталған саланың өзекті мәселелері бойынша хабардар болуға мүмкіндік береді.  Отырысы жұмысына ЭЫҰ 10 мүше елі қатысты. Сонымен қатар, отырыс жұмысына Ирак пен Сирия елдерінің өкілдері халықаралық бақылаушы ретінде шақырылған болатын.

Кездесу қорытындысында, жастар саясаты саласында ЭЫҰ мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуды дамытуға бағытталған ұсыныстар мен сын-пікірлерді министрлер деңгейінде өткен декларацияға қол қойылды.

ЭЫҰ Жастар кеңесі құру отырысына Қазақстан жағынан «Нұр Отан»               Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Н.С. Өтешев және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры М.Д. Қожахмет қатысты.

2011 жылдың 7-9 маусым күндері Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумының маңызды бөліктерінің бірі болған БИЭФ жас көшбасшылар форумы және Ұшқыройлы өнер көрмесі болып өтті.

Аталған екі шараның өтуіне Қазақстан тарапынан ұйымдастырушы болып «Жас Отан» Жастар қанаты жүзеге асырды. Жас көшбасшылар форумының ашылу салтанатын «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев ашқан болатын. 2011 жылы 7-ші БИЭФ алғаш рет Орталық Азия аймағының көшбасшы елі Қазақстан жерінде өткізілуінде үлкен мән жатыр.

DSC01076.JPG

2011 жылдың 9-10 шілдесінде Алматы қаласында өткен 4 ШЫҰ жастар кеңесінің 4 отырысымен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан төрағалығының соңғы кезеңі аяқталды.

Аталған шара барысында, ШЫҰ кеңістігінде жастар саласындағы ынтымақтастық мәселесі жөнінде жүйелі қарым-қатынас орнату туралы ой талқылаулар жасалды. Сонымен қатар, ШЫҰ мүше мемлекеттердің жастар саласы бойынша өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.

Отырыстың күн тәртібі 2010-2011 жылдардағы ШЫҰ Жастар кеңесіндегі Қазақстан төрағалығының қорытындысы және 2011-2012 жылдарға арналған ШЫҰ ЖК сс-шаралар жоспарын бекітуге арналды. Сонымен қатар, отырыс барысында ағымдағы кезеңде Кеңес жұмысы жайында және де Кеңестегі ұлттық бөліктегі Қытай Халық Республикасының төрағалық етуі турасында талқылаулар жасалды

DSC06161.JPG

Бүгінгі таңда, «Жас Отан» ЖҚ - «Молодая Гвардия Единой России», Моңғолияның Демократиялық және социалистік жастар одағымен Баян-Өлгей аймақтық бөлімшесінің, Бүкілқытай Жастар Федерациясы, Германияның Бранденбург спорт жастарымен секілді жастар ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

DSC_0035.jpg