Жамбыл облысында жастарымен кездесу өтті

15 наурыз 2017 , 19:01 · 729 қараулар

Бүгін «Жас Отан» ЖҚ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Байзақ ауданының 2017 жылғы түлектерімен «Жас Отан» ЖҚ бөлімшелері жетекшілерімен кездесу өтті.

Шараға «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының қызметкерлері Ғабиден Нұрпейісов, Ержан Алданазаров, «Жас Отан» ЖҚ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Уәлихан Болатбек қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға жастар және партиялық жобалар туралы айтылып, қазіргі кезде жастар үшін жасалынып жатқан мүмкіндіктер туралы сөз қозғалды.  Ержан Алданазаров ҰБТ-да қажетті ең төменгі балды жинай алмаған түлектермен қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

«Сәтті қадам» партиялық жобасы 2016 жылы жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыруға бағытталған жоба ЖОО мен ТжКБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыруға және Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезінде шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне әрі қарай оқуды жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жаңа бағыттармен толықтырылған болатын. Жобаның барлық бағытын сәтті жүзеге асыруда үлкен жұмыстар атқарылуда», – деп айтып өтті.

Айта кету керек, партия қазақстандық кәсіпорындармен жемісті ынтымақтастық орнатып, «Сәтті қадам» жобасы аясында колледждер мен ЖОО түлектеріне тәжірибеден өтуге, кейін жұмысқа орналасуға көмектесіп келеді. Осылайша, мыңдаған жастың өмірден өз орындарын табуына жағдай жасады. Бүгінде Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған партияның бұл бастамасын Қазақстанның 240 жетекші компаниясы қолдап отыр.

« Кері қайту