Жамбыл облысы «Кеңес орталығы» консалтинг орталығы қала тұрғындарына тегін кеңес берді

16 наурыз 2017 , 17:06 · 503 қараулар

15 наурыз күні Жамбыл облысы «Ауыл береке» орталық базарында орналасқан «Кеңес орталығы» консалтинг орталығы қала тұрғындарына тегін кеңес берді.

2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Кеңес орталығының» жұмысымен «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының қызметкерлері Ғабиден Нұрпейісов, Ержан Алданазаров танысты.

Шара аясында  «Тұрғынүйжинақбанкі», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты  түрлі салалар өкілдері тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына  мардымды жауап берді. 

Консалтинг-орталығының жұмыс барысында 100-ден астам адам тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер мәселелері және облысымызда бизнесті дамыту жөніндегі сұрақтар мен жобалар туралы шағымданды. Сонымен қатар партиялық және жастар жобалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері орталыққа 400-ге жуық адам түрлі мәселелерімен келіп, «Кеңес орталық» мамандары сұрақтарының шешілуіне ықпалдасты.

Айта кету керек, «Жастар – Отанға!» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Кеңес орталығы» консалтинг орталығында «Денсаулық күні», «Құқықтық кеңес», «Жүректен жүрекке», «Жақыныңа жәрдемдес» және т.б. түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.  

« Кері қайту