Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

17 наурыз 2017 , 9:49 · 1123 қараулар

17 наурыз Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында «Жас Отан» Жастар қанаты барлық аймақтарда ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды.

Жарысқа мектеп оқушылары мен студенттер қызуғушылық танытты. Қазақ күресі, қол күресі, арқан тартыс, гір көтеру сияқты ойын түрлерінде балуандарымыз күш сынасса, асық ату және тоғыз құмалақ сияқты ұлттық ойындар жасөспірімдер мен қыз балалар арасында тартысты өтті.

Бұл жарыстың мақсаты ұлттық ойындарды жаңғырту және дамыту болып табылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында ойынға қызығушылық арттырып, балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Ақтюбе қаласында өткен ойында Қазақ-Орыс халықаралық университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері бар күш-жігерін салумен қатар, қазақ ұлттық ойындарына деген құрмет-ізеттіліген де көрсетті.  

«Салт дәстүр мен ұлттық ойындарымызды ұмытпай, ұлықтауымыз қажет. Өйткені бұл біздің мақтануға тұрарлық  өткеніміз. Өткенін қастерлеген елдің, болашағы да жарқын болады. Сонымен қатар, бұл шараға өзге ұлт өкілдерінің де қатысуы қуантады. Бұл еліміздің бірлік пен берекесінің тағы бір нышанындай», – деді «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Бүркіталин Асылжан.

Ал Петропавл қаласының мектеп оқушылары ойынға қатысу үшін Әл-Фараби мектеп-лицейінде жиналды. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Асық ату ойынында Казақ-мектеп гимназиясы жеңімпаз атанып, күміс жүлдені №21 орта мектеп иеленді, ал қола жүлде №32 орта мектебіне бұйырды.

Тоғыз құмалақ ойынында № 5 орта мектебі жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Әл-Фараби мектеп-лицеі иеленсе, қола жүлде Қалалық классикалық гимназиясына табысталды.

Жеңімпаздар бен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталмыш шара Батыс Қазақстан облысында «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп интернат» оқушылары мен «Жас саясаткерлер» мектебінің тыңдаушылары арасында өтті. 

Сайыстар барысында «Асық ату», «Аударыспақ», «Теңге алу», «Арқан тартыс» т.б ұлттық ойындар ойнатылып, жүлделі І орын «Достық», ІІ орын «Бірлік» және ІІІ орын «Тасжарған» командалары еншіледі.

Жекелей біріншілік «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша І орын Уап Заманбек , ІІ орын Еркинов Нургожа ІІІ орын Сүйіндіков Асланбек иегері атанса, «Гір тасын көтеру» сайысынан І орын Уап Заманбек , ІІ орын Еркинов Нуркайыр жүлделі ІІІ орындарға Сарсенов Айбек иеленіп, жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар марапатталды. 

 

« Кері қайту