Павлодар облысында «Салауатты ұлт – ХХІ ғасыр ұрпағы» аудандық жастар форумы өтті

30 наурыз 2017 , 17:48 · 305 қараулар

Лебяжі ауданында «Салауатты ұлт – ХХІ ғасыр ұрпағы» аудандық жастар форумы өтті.

Форумды Лебяжі ауданы әкімшілігігің қолдауымен, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік жастар бағдарламасы аясында «Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырды.

Шара екі кезеңнен тұрады: денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар арасындағы сырттай конкурс және жеңімпаздарды марапаттау форумы.

Форум аясында Лебяжі ауданының дамуына және патриоттық қалыптасуына үлесін қосқан жастар мадақталды, ал шараның шарықтау шегі жеңімпаздарды марапаттау болды.

Марапаттау рәсімін Лебяжі ауданы маслиxаты xатшысы Мусина Светлана Раxимтаевна өткізді. 500 000 тг көлеміндегі сертификаттармен марапатталғандар:

  • Аулабаев Қуат Канатович
  • Медешова Ақбота Тұрабекқызы
  • Виногоров Денис Николаевич
  • Нұрбеков Айдос Әлімұлы
  • Нұрбеков Жандос Әлімұлы
  • Карапчин Бахытжан Кенжеғаліұлы

Жеңімпаздар «Дипломмен ауылға»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген жас дәрігерлермен денсаулық сақтау саласының мамандары. Марапаттау рәсімінен кейін қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

« Кері қайту