Ақмола облысында «Соғыс және еңбек ардагерлерінің денсаулығы мен қал-жағдай» науқаны бастау алды

6 сәуір 2017 , 10:30 · 429 қараулар

Сәуірдің 4 жұлдызында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және «Денсаулық» БПҰ медбике апайымыз Жанбекова Салия Жармухамбетқызы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, ардагерлердің үйіне барып, денсаулықтарын біліп, қысымын өлшеп, дәрі-дәрмектерін беріп, қандайда кішкентай болмасын шын ниетпен, шын жүректен көмек көрсетті.

Науқан барысында медициналық қызмет ардагерлері Кузнецова Галинаға, Салимова Баянға, Ибраева Үмітке көмек көрсетіліп, белсенділер қал-жағдайын сұраған болатын.

Сонымен қатар Бұланды ауданының Тоқтамыс ауылында Людмила Логунованың басшылығымен оқушылар аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы және «Колосок» вокалдық тобының басқарушысы Валентина Макаренкоға көмек көрсетті. Оқушылар ауласындағы қарды  және су құбырларын тазалады.

Бұл акцияның мақсаты ардагерлермен сырласып, қолдау көрсету, жүздеріне күлкі ұялату. Әжелеріміз қуана карсы алып, өздерінің өлеңдерін арнап, жақсы көңіл күймен шығарып салды. Біздің мақсатымыз бұл эстафетаны барлық аудандарға және қалаларға жіберу. Біздің ардагерлеріміз - біздің алтын қазынамыз. Бұл науқан міндетті түрде өз жалғасын табады деген ойдамыз!

« Кері қайту