Қызылорда жастары еңбек ардагеріне көмек көрсетті

10 сәуір 2017 , 15:19 · 1480 қараулар

Қызылорда қалалық жасотандықтар «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Қызылжарма ауылдық округінің тұрғыны, тыл ардагері, 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат, қария Уан Жармаханұлына көмек көрсетті. Жастар ардагердің ауласын тазалап, үй шаруасына жәрдемдесті.

Өз кезегінде Уан Жармаханұлы жастармен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, өмірбаянын қысқаша баяндап берді. Қария 1980 жылы еңбек озаты, 1991 жылы еңбек ардагері орденін иеленген. Қазіргі таңда жұбайы, қызы және немерелерімен тұрмыс кешуде.

Осылайша жастар да қария да күндерін қызық өткізді. Жасотандықтарға көрсетілген көмектеріне алғыс айта отырып, ардагер өз батасын берді. 

« Кері қайту