«Таза қала, таза ауа»

8 сәуір 2017 , 10:21 · 507 қараулар

Орал қаласында үйлердің аулалары мен көшелерді, арықтар мен демалыс алаңдарын, су саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстар мен жапырақтан тазарту мақсатында жалпы қалалық сенбілік болып өтті.

Сырым Датұлы алаңынан басталған сенбілікке «Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Орал студенттер Альянсы», «Жасыл ел» өкілдері және студент жастар қатысты.

Жалпы көктем айы басталғалы қалалық сенбілік және абаттандыру мен ағаш отырғызу шаралары әр сенбі сайын қаланың барлық аумағында жүргізіліп келеді. Бүгінгі жалпы қалалық сенбілікке қаланың тазалығы үшін 300 ден астам адам қатысты. Шараға коммуналдық қызметтері тарапынан арнайы техника жұмылдырылып, сенбілікке қатысушылардың күшімен қоқыстар қала сыртына шығарылды.

«Бүгін демалысымызға қарамай қалалық сенбілікке қатысуға шықтым. Жалпы осындай сенбіліктер жиі өткізіліп, тұрғындар көптеп қатыссақ, таза қалада, таза ауамен емін еркін демалатын едік. Бүгінгі жастарды сенбілікке шақыра отырып, қаламыздың гулденуіне бірге үлес қосуға атсалысайық дегім келеді» дейді сенбілікке қатысушы Саламатов Ернар, «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ еріктісі.

« Кері қайту