«Гүлдене бер, туған ел!» экологиялық акциясы бастау алды

12 сәуір 2017 , 18:03 · 493 қараулар

«Жас Отан» Жастар қанаты республика көлемінде жастар саясатының жүйелі жүргізілуіне жұмыс жасап отырған ең ірі жастар ұйымдарының бірі болып табылады.

«Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен қоғамның әртүрлі саласында әлеуметтік мәселелер көтеріліп және көптеген бастамалар жасалып келеді. Осы жобалардың бірі және бірегейі бұл осы «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы.

12 сәуір күні «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен «Гүлдене бер, туған ел!» экологиялық акциясы бастау алды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

Бүгін Сыр бойылық 50-ден астам жасотандықтар «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында қаламыздағы Жібек жолы көшесінің бойында 100-ден астам тал екті. Акцияға жиналған жасотандық еріктілер арықтардың іштерін тазалап, көше тазалығынада көңіл бөлді.

Шара барысында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Тлес Талғат  өз сөзінде акцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, еріктілердің негізгі мақсаты осы егілген талдарға бақылау жасап, оның әрі қарай гүлденуіне себепкер болып, болашақта әрбір тал жағасында демалған тұрғындардың алғысына бөліну екендігін айтты.

Шара соңында жасотандықтар естелік суретке түсіп, туған жерлерінің гүлденуі жолында аянбай еңбек ететіндерін айтты.

Аталмыш шара Батыс Қазақстан облысында жалғасын тапты. 50 ерікті қала орталығындағы Жұбан Молдағалиев атындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Туған қаланың тазалығына үлес қосатын осы секілді сенбіліктер және экологиялық акциялар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

             

« Кері қайту