Петропавлда футболдан қалалық ашық біріншілік бастау алды

17 сәуір 2017 , 18:21 · 173 қараулар

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Петропавлда футболдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық біріншілік бастау алды. Турнирді ұйымдастырушылар: Солтүстік Қазақстан облысының футбол Федерациясының мұрындық болуымен Петропавл дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Жас Отан» ЖҚ Солтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы.  

Турнирдің басты мақсаты футбол ойының танымалдығын арттыру және футбол қозғалысын дамыту.

Салтанатты ашылуда екі матч өтті. Бірінші матчта былтырғы турнир жеңімпазы «Динамо» құрамасы «Таймас» командасымен ойнады. Ойын мықтыны анықтай алмады. Ойын 2-2 шотымен аяқталды. Келесі матчта «Легион» командасы айқын басымдықпен «Локомотив» командасын 4-1 есеппен ұтты.

Осы жылы турнирге 20 құрама қатысып жатыр. Айта кететін болсақ, алдыңғы жылы аталмыш турнирге 18 команда қатысқан болатын.

Турнир аясында «Жастар» стадионында сәуір айынан қыркүйек айына дейін 200-ден астам ойын өтеді деп жоспарланып отыр. Біріншілік пен қатар командалар Петропавл қаласының кубогіне де бақтарын сынасатын болады.

2017 жылғы турнир жаңа форматымен ерекшеленеді. Жаңа формат бойынша командалар екі лигаға бөлінеді. Біріншіліктің жеңімпазы өңіріміздің намысын Республикалық жарыста қорғайтын болады.

« Кері қайту