Петропавлда «NURINTECH» республикалық байқауының иновациялық жобаларын жүзеге асыру басталды

19 сәуір 2017 , 11:15 · 168 қараулар

Петропавлда «Нұр Отан» партиясының филиалы мен «Алькор-СК» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге салтанатты түрде қол қойылды. Бұл келісім «NURINTECH» байқауының инновациялық жобаларына көмек көрсетуге бағытталған. Петропавл қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Швец Сергей  республикалық байқауы арнайы номинациясының иегері болған болатын.

Швец Сергейдің «Крахмал мен глицириннің негізіндегі биоыдырауғыш полимердің синтезі, бояудың, эфирдік майдың және поливинилдік спирттің берілген материалға әсері» атты жобасына «Алькор-СК» ЖШС-ның директоры Валерия Шабанов қызығушылық танытты. «Алькор-СК» ЖШС полиэтилен және полиэтилен заттарды шығарумен айналысады. Сергей жасына қарамастан кәсіпкердің назарын өзіне аударды. Директордың айтуынша, бұл жобаның болашағы зор және кәсіпкер полиэтилендік заттардың бірінші шығарылымын жасауға дайын.

Қазіргі кезде нарықта биоыдырауғыш заттар өте аз, алайда бұл нарықтың әлеуеті зор. Осы жобаның өзектілігі болып табылады. Экологияның нашарлауы биополимерлердің пластмассалармен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларды ауыстыруға мүмкіндік береді, – дейді Сергей Швец.

Өз кезегінде «нұротандықтар» «Нұр Отан» партиясы «NURINTECH» республикалық жастар байқауы жобаларын жүзеге асыруда және өндіріске енгізуде көмек көрсететіндігін айтты. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов қазіргі жастарда ғылымда өз қабілетін ашуға барлық мүмкіндіктер бар дейді.

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2016 жылдың қазан айында  «NURINTECH» Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауы бастау алған болатын. Жалпы еліміздің әр түкпірінен байқауға қатысуға ниет білдірген 1000-ға жуық өтініш келіп түсті. Жобаның басты мақсаты – жастарымыздың ғылым-білімге және инновацияға деген қызығушылықтарын арттыру.

« Кері қайту