Шығысқазақстандық жастар әскерде бір күн өткізді

20 сәуір 2017 , 9:38 · 244 қараулар

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚО филиалы 2017 жылдың 19 сәуір күні Өскемен қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскери бөліміне Өскемен қаласының орта білім беретін мектептерінің 10 сынып оқушыларына «Әскердегі бір күн!» атты экскурсия өткізді.

Мақсаты: мектеп оқушыларын әскери қызметкерлердің бір күндік өмірімен таныстыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастар арасында патриотизм сезімін дәріптеу.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары ҚР «Ұлттық Ұлан» сарбаздарының қызметімен, олардың қиын да, қызықты қызметімен, ерліктері мен Отан алдындағы қызметтері туралы баяндайтын видеоролик көріп, қару-жарақ көрмесімен танысты. Оқушылардың қызығушылығын заманауи дәлдегіш винтовкалар тудырса, кейбір оқушылар Калашников автоматын уақытқа шашып-жинау машықтары бойынша өздерінің шапшаңдықтарын көрсетті. Оқушылар назарына әскери техника, машиналар көрмесі ұсынылды. Экскурсияның соңында жедел қызметін өткеріп жүрген сарбаздар тұратын казарманы тамашалады. Бұл жерде оқушылар әскерилердің күнделікті тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін күнделікті күн тәртібі туралы ақпарат алды.

Экскурсия аясында өскелең ұрпаққа «Ұлттық Ұлан» сарбаздарының қиын да қызықты өмірі, Отан алдындағы қызметтері туралы танымды ақпарат берілді. Мектеп оқушылары да өз кезегінде әскери қызметке қызығушылық танытатындарын, барлығы Отан алдындағы борыштарын өтеуге дайын екендерін білдірді. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ біліктің күшімен қорғап қалған киелі жерімізде рухы биік, намысшыл, патриот жастардың өсіп келе жатқаны қуантады.

 

 

« Кері қайту