Тараздағы «Кеңес орталығында» қабылдау өтті

21 сәуір 2017 , 10:49 · 364 қараулар

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында орналасқан «Кеңес орталығында» азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтіп, оған «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қатысты.

Сондай-ақ, Тараз қаласының прокуратурасы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Тараз қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мекемелері қабылдау жүргізді және де тегін медициналық қызметтер көрсетілді.

«Кеңес орталығында» болған қабылдауға келген тұрғындар мен базар жұмысшылары тұрғын үй мен жер алу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, базардағы жеке кәсіп ашу туралы көкейкесті мәселелерді көтерсе, мемлекеттік ограндар өкілдері тарапынан заңды түсініктемер беріліп, заңдық кеңестер айтылды.

Алдағы уақытта «Кеңес орталығында» облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының және басқа да заң қызметкерлері, мемлекеттік органдар өкілдерінің қабылдауы тұрақты өткізіліп, тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектері тиісті органдарға жеткізіліп қана қоймай, олардың орындалуы да қадағаланатын болады.

Жыл басынан бері «Кеңес орталығына» 308-ге жуық өтініш келіп түскен. 

« Кері қайту