Батысқазақстандық жасотандықтар «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында қайырымдылық концерт өткізді

24 сәуір 2017 , 17:02 · 361 қараулар

Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық.

Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің «Мейірімді көктем» мейірбандылық айлары жөніндегі бастамасына «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы қолдау білдіру мақсатында партиялық «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында 21 сәуір күні «Нұр Отан» концерт залында қайырымдылық концертін өткізді.

Қайырымдылық кеште облысымыздың жас өнерпаздары Ербол Ақбасов, Медет Оразов, Ақылбек Бектасов, Данияр Раxметжанов, Алтынбек Қанатқалиев, «Батыс» би тобы, «Batysstar» тобы мен республикамыздың эстрада жұлдыздары «Заман» тобы өнер көрсетіп, сонымен қатар республика көлеміне танымал ҚазиИТУ, «Грант» жайдарман топтары ізгі іске атсалысты. Қайырымдылық кештен түскен қаражат (357 580 теңге) Байбалдиев Бақтияр мен Марат Қасымовтың ем-домына жұмсалу үшін теңдей бөлініп ата-аналарына табысталды. 

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» Жастар қанатының БҚО филиалының төрағасы: Әрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болады. Қайырымдылық-ізгіліктің көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болу міндетіміз деп білеміз. Алдағы уақыттарда да қайырымды шаралардың бастауы болудан Ақжайықтың жастары бас тартпайтындарын жеткізді. 

« Кері қайту