«Жас Отан» ЖҚ халықаралық қарым-қатынасты нығайтуда

24 сәуір 2017 , 18:30 · 354 қараулар

Бүгін «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалы және Сямынь қаласының жастар федерациясы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы жастар саясатындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, достықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында «Жас Отан» ЖҚ Данияр Сүндетбаев пен Сямынь қаласы жастар федерациясының президенті Ван Жуан алдағы уақытта біріге жұмыстар атқаруға дайын екендіктерін айтты.

«Жас Отан» ЖҚ қызметінің басым бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Айта кетейік, ортақ меморандумдар аясында «Жас Отан» ЖҚ 17 жастар ұйымдарымен бірлесе қызмет етеді.

2016 жылы «Жас Отан» Астрахан қаласында өткен ЖҚ Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар Кеңесінің IX отырысы, 24-28 маусым аралығында Уфа қаласындағы «БРИКС және ШЫҰ елдерінің студенттік көктемі» ІІ халықаралық фестивалі сияқты халықаралық шараларға қатысқан болатын. Ал, жасотандықтар бастаған Қазақстандық делегацияның қатысуымен өткен  ШЫҰ мемлекеттерінің жас көшбасшылар Халықаралық форум аясында 2016-2017 жылғы ШЫҰ Жастар кеңесінің төрағалығы Қазақстан Республикасына берілген болатын.

«Жас Отан» ЖҚ шетелдік серіктестермен біріккен жобалары мен шаралары 500 000- ға жуық жасты қамтыды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ШЫҰ ережесіне мен ШЫҰ Жастар кеңесінің ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы төрағалығының аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар Кеңесінің X отырысын Астанада өткізу жоспарлануда. 

« Кері қайту