Талдықорған қаласында ата-аналар комитеті өкілдерімен кездесу өтті

25 сәуір 2017 , 17:56 · 324 қараулар

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін оқу орындарының ата-аналар комитеттері өкілдерімен кездесу өтті.

Шараға қаламыздың жалпы білім беретін оқу орындарының ата-аналар комитетінің өкілдері және Талдықорған білім бөлімінің бас маманы Гульзина Усенова, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Дания Қыдырбаева қатысты. Кездесу барысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы,  отбасылық құндылық және сыбайлас жемқорлық жайлы әңгіме қозғалды.

«Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы Бахтияр Жаксыкельдинов бүгінгі кездесудің маңыздылығы жайлы айта отырып, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысымен және жастар ресурстық орталықтың негізгі атқаратын міндеттерімен таныстырып өтті.

Шараға қатысушылар өздерінің пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

Кездесу ата-аналар комитеттері өкілдерінің ұсыныстарымен және қызықтырған сұрақтарының қоюымен жалғасты. 

« Кері қайту