Орал қаласы «Кеңес орталығында» қалалық маслихат депутаты тұрғындарды қабылдады

25 сәуір 2017 , 19:24 · 429 қараулар

«Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында «Мирлан» базарында орналасқан «Кеңес орталығында» Орал қалалық маслихат депутаты Давлетжанов Мұхтар Серікұлы қабылдау өткізді.

Орталыққа келушілердің сұрақтары әр түрлі бағытта болды. Біреулерге түсіндіріп, қажет инстанцияға бағыттау жеткілікті болса, екіншілерге сұрақтардың шешімі қажет болады. Жұмысқа орналастыру мәселесі - маңызды сауалдардың бірі болып табылады.

Тұрғындардың барлық сұрақтары мен өтініштері тіркелініп, жуық арада шешілетін болады.

« Кері қайту