«Радуга» ЖШС-гі мектеп түлектеріне өз есігін айқара ашты

3 мамыр 2017 , 15:38 · 336 қараулар

Петропавл қаласында «Сәтті қадам» партиялық жоба аясында «Ашық есіктер күні» акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты жастарды өндірістегі жұмысшылар мамандықтарымен таныстыру.

Сол күні мектеп түлектеріне өз есігін «Радуга» ЖШС-гі ашты. Мекеменің ең басты өндіріс бағыты халық тұтынатын азық-түлік және тағамдық емес  өнімдерді өндіру және сату, «Радужный» дүкендер желісін дамыту, өз өнімдерін басқа серіктес өндірістерде орналастыру.

Мекеме дамуының басты кілті жаңа технологиялардың еңгізілуі болды.

«Бүгінгі күні Қазақстанның 11 қаласында үлкен филиалдық желіміз бар. Одан басқа Ресей Федерациясына тауарларымызды экпорттаймыз.» - деді компания директорының орынбасары Максим Большедворов.

Түлектер өндіріс цехтарында болып қайтты. Олар өз көздерімен тауарлардың жасалу процесін көрді. Түлектер өндірістегі жұмыскерлерге жұмыстың қиыншылығы, жұмыстан кейінгі демалыстың түрлері және мансапта өсу сияқты сұрақтар қойып, өз білімдерін қеңейтті. 

« Кері қайту