Талдықорғанда «Сәтті қадам» жобасы аясында ашық есік күні өтті

3 мамыр 2017 , 17:22 · 301 қараулар

Талдықорған қаласының Мәдениет үйінде «Сәтті қадам» жобасы аясында «Ашық есік күні» мен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы және қаладағы ірі кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері қатысты.

Шара мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатын жүзеге асыру және әр азаматты қоғамға өзіндік үлесін қосуға шақыру. 

Жұмыс берушілер жәрмеңке қатысушыларына өз кәсіпорындарын таныстырып, жұмысқа қабылдау жағдайлары туралы баяндады. Кейбір азаматтар қосымша сұхбатқа шақырылып, жұмысқа орналасатын болды. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен жұмыспен қамту орталығының мамандары жиналған қауымға жұмысқа қабылдау жағдайлары және шарттары туралы айтты.

« Кері қайту