«Жас Отан» ЖҚ қатары толықты

15 мамыр 2017 , 12:45 · 257 қараулар

2017  жыл 12 мамырда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлының қатысуымен «Жас Отан» жастар қанатының қатарына жастарды салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Шара аясында республикалық «ERKIN» шешендік өнер академиясының төрайымы Садыкова Әсел және Алматы облысының «Көшбасшы - 2016» жастар сыйлығының иегері Аукен Ақбота  секілді облыстың белсенді 11 жасы «Жас Отан» ЖҚ қатарына қабылданды. Жастарға куәліктерді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал Төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаев пен облыс ардагерлері табыстады.

Шараға 300 –ге жуық адам қатысып, концерттік кешпен жалғасын тапты. 

« Кері қайту