Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

18 мамыр 2017 , 10:05 · 261 қараулар

2017 жылдың 17 мамыр күні «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы қалалық жұмыспен қамту орталығы және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық  филиалымен бірлесе Жастар сарайында «бос орындар жәрмеңкесін» өткізді. Жәрмеңкеде  «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жастарды жұмыспен қамту шаралары да қарастырылды. Шараға қатысушылар жобаның мақсат, міндеттерімен танысып, жобаға қызығушылық танытты.

«Сәтті қадам» жобасының мақсаты – жас мамандар мен жоғары оқу орындары және техникалық және кәсіптік білім беру түлектері қатарындағы жетім балалар мен мектеп түлектерін еңбекке әлеуметтендіру.

Шара аясында Астана қаласының мемлекеттік мекемелері және жекеменшік ұйымдары өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке қатысушылары  жастарға қатысты жобалармен танысып, керекті мәліметтерге қанықты.

Шара мақсаты – Астана қаласындағы жастарды жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың санын азайту, жастарды белсенді қоғамдық өмірге тарту және түлектердің мамандықтарды бойынша жұмыс табуларына қолдау көрсету.

« Кері қайту