NURINTECH Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауы бастау алды

18 мамыр 2017 , 16:15 · 803 қараулар

Бүгін «Нұр Отан» партиясында NURINTECH Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауы бастау алды. Осы жайлы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратындағы баспасөз конференциясында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев жариялады.

«Жас Отан» ЖҚ төрағасы атап өткендей инновация - экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі қозғаушы күші. Осы орайда жастардың рөлі айрықша аталып,  ғылыми-инновациялық қызметке баулу арқылы жастардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында Байқау өткізіледі.

Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: Әлеуметтік маңызды инновациялар, Техностарт, Үздік жас ғалым, Жастардың инновациялық жобасы, Перспектива. Сонымен қатар бағыттардың кең спектрі қамтылады: көшуі, жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу), химиялық технология, нано технология және биотехнология, өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс, агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс), IT технология және авиағарыш технологиясы, медицина, медициналық техника және технология, фармация, табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу, робототехника, жол қозғалысының қауіпсіздігі, үздік лайфхак, 3D баспа және жаңа материалдар, гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар, экологиялық инновация, наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация, білімдегі инновация.

Конкурстық өтінімдерді әділ бағалау мақсатында қазылар алқасына ғалымдар, ұлттық компаниялар, конструкторлық бюролар, сондай-ақ министрліктер өкілдері қатарынан сарапшылар шақырылатын болады. 

Байқауға қатысу өтінімдері 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 8 000 000 теңге. Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары жобаны инвестицияландыру мен қаржыландыру көздерін табу мүмкіндігіне ие болатынын атап өту керек.

Баспасөз конференциясы барысында «Үздік жас ғалым», «Жастардың инновациялық жобасы» номинациялары бойынша 2016 жылғы  Байқауд жүлдегерлері Альжанова Алия мен Мұқашев Мұхтар өз зерттеулеріне Байқаудың тигізген әсері мен бір жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы айтып берді.

Толық мәлімет сілтеме арқылы біле аласыздар.

« Кері қайту