Жасотандықтар Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесті

18 мамыр 2017 , 18:09 · 332 қараулар

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы мен елордалық жасотандықтар Астанаға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Мәскеуден, Санкт- Петербургтан және Таллин қаласынан келген ардагер генералдар мен қоғам қайраткерлерімен кездесті. Жастар қонақтармен бірге Отан қорғаушылар монументіндегі мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

«Жас Отан» ЖҚ АҚФ Төрағасы Мұхамеджан Болысбек өз сөзінде «Біз жеңістің қалай келгенін ұмытпауымыз керек. Ардагерлер бізге үлгі, біздің мақтанышымыз. Қан майданда елі үшін күрескен жауынгерлердің  ерлік істері әрқашан біздің жадымызда сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етілмек»,- деп атап өтті. Салтанатты рәсімде Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бақыт Сапаров сөз сөйлеп, ардагерлерді құттықтады.

Сондай-ақ, шара аясында Мәскеуден келген қонақ, мецанат Грачья Погосиян, зейнеткер, генерал лейтенант Бексұлтан Сәрсеков, Совет Одағының батыры Иван Понфиловтың немересі Айгүл Байқадамова сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысында жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы туралы баяндады.

«Өкінішке орай, арамызда жүрген соғыс ардагерлердің саны күнен күнге азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» – деді олар.

« Кері қайту