Жоба жайлы

Екінші бағыт

 

 

Үшінші бағыт


 

 

«Сәтті қадам»

Жастар үшін үлкен мүмкіндік

«Нұр Отан» партиясының жұмысындағы басымдықтардың бірі «әлеуметтік саясат» болып табылады. Осы бағытты тиімді іске асырудың қажеттілігі негізгі құжатта –партияның Доктринасында  көрсетілген.

«Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру Партияның Саяси Доктринасында көрсетілген жалпы жетістік факторларының бірі – «Әділетті әлеуметтік саясат»-қа жетуге бағытталған, онда «мемлекеттік қолдау ең алдымен азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді араластыруға бағытталуы қажет» деп айтылған. Партияның жаңа саяси Доктринасында партияның құндылықтарына ерекше назар аударылған, «Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаттары «Адам» және «Болашаққа ұмтылыс» сияқты екі құндылыққа сәйкес келеді, олардың негізінде адам, оның қадір-қасиеті мен құқығы, сондай-ақ, әр азамат туғанынан дені сау болуға, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбек ақы алуға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қол жеткізе алуға тиіс.

Мақсаттар:

Жас мамандар мен жоғары оқу орындары және техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін еңбекке әлеуметтендіру.

Міндет:

  • Мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру болып табылады.

Жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру орындарын тәмамдаған түлектердің жұмыс табу жолын жеңілдету мен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында қолға алынған жоба 2013 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба Алматы мен Астана қалаларында іске асырылады.

4 жыл ішінде жобаға 5600-ге жуық жас қатысуға ниет білдірсе, оның 2000-нан астамы мемлекеттік органдар мен ең ірі ұлттық компанияларда 3 ай тегін тағылымдамадан өтті. Мерзім аяқталғаннан кейін 200-ге жуық жас жұмысқа тұру мүмкіндіктеріне ие болды.

Ағымдағы жылы аталмыш жоба аясындағы жұмыс 6 маусымда басталады. ЖОО мен ТжКБ түлектерінен өтініштер а.ж. 6 маусымынан 1 шілде аралығында қабылданады. 

Қатысушыларға қойылатын талап:

  • қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс;
  • білім ордасын шет тілде бітерген болса, дипломды нострификациялау.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Сауалнама;
  • Түйіндеме;
  • Диплом мен қосымшаның көшірмесі (бакалавриат/магистратура);
  • Дипломдар мен сертификаттардың көшірмесі (бар болған жағдайда);

Барлық құжаттарды скарнер арқылы satty_kadam@zhasotan.kz электронды мекен-жайға жіберу қажет. 

Жоба серіктестері:

Ұлттық компаниялар

Мемлекеттік органдар

Жоба менеджері: Тулешова Дана, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жастар жобалары бөлімі сарапшысы.

Байланыс: 8 7172 707 649

Партиялық «Сәтті қадам» жобасы аясында тағылымдама өтуші үміткердің жеке анықтамасы