Оралда «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты жастармен кездесу өтті

90 20.12.2017

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» - бүгінгі мағынасы мен маңызы зор кездесудің атауы осындай болды. Жастар және оқушылар сарайында тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай облысымызда жетістікке жеткен жеткен жастарды студент жастармен жолықтырып, мотивациялық бағыттағы кездесу өтті.

XJFnDwNmr1M.jpg

Кездесу барысында спикерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы телерадикорпорациясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Журналисттер арасындағы облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Кенжеғалиев Тұрар Ғабрашитұлы,Тәуелсіздік құрдасы, ТДК-42 телеарнасының журналисті, Жастарға арналған әртүрлі бағыттағы бағдарламалардың авторы Ғайсағалиев Ершат Жаскелеңұлы журналистика бағытында кеңестер беріп, өз еңбек тәжірибелерімен бөлісті.

Ал Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының облыстық координаторы Каиров Алихан жастарды белсенділікке шақырып, әркез мақсат қоя жұмыс атқаруларыңыз керек деп кеңес берді.

-CfUARiplqs.jpg

Кездесуге қатысушыларға әсерлі әңгіме мен тәжірибесін жеткізген көпшілікке танымал «Uralsktoday» әлеуметтік парақшасының администраторы Султан Ергалиев бизнесті бастау әрі жетілдіру жолдарын айтып өтіп, еңбек жолындағы қиыншылықтар мен кедергілердің тек жігер мен қайрат бергенін де жасырмады.

Келесі қатысушы спикер қазіргі таңда жастар арасында қызығушылыққа ие Республикалық Жайдарман ойындарының қатысушысы, КТА облысымыздың намысын қорғап жүрген «КазИИТУ» командасының ойыншысы, «Жігіт сұлтаны» салоны жетекшісі Жұмабаев Салауат болды.

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ ұйымдастыруымен өткен кездесуге қатысқан спикерлерге арнайы мерекелік құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды.

Қызықты әрі пайдалы ақпарат пен мардымды жауаптар – бүгінгі кездесудің қорытындысы болды.