Петропавл қаласында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының XVI есеп-сайлау конференциясы өтті

391 19.9.2017

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйекінде сағат 11.00-де Петропавл Қалалық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының XVI есеп-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы, қалалық мәслихаттың хатшысы Бердіғұлов Арман Сағатұлы, "Жас Отан" ЖҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Кайроллаев қатысты.

Күн тәртібіне үш сұрақ қойылды. Бірінші сұрақ: атқарылған жұмыс туралы есеп.

Екінші сұрақ: Елбасымыздың "Рухани Жаңғыру" мақаласын талқылау. Үшінші сұрақ: кезекті "Жас Отан" ЖҚ IV съездіне Солтүстік Қазақстан облысынан делегаттарды сайлау.

Бірінші сұрақ бойынша сөз кезегі «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы Абылайхан Кайроллаевқа берілді.

Екінші сұрақ бойынша "Нұр Отан" партиясының пікір-сайыс турнирінің кубогының Үздік Спикер" номинациясының иегері Тұрсынов Бақытжан Саматұлы және "СҚО Жастар Мәслихаты" ЖҚБ төрағасы Шеминг Виталий сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша облыстық мәслихат депутаты, "Жас Отан" ЖҚ Орталық кеңесінің мүшесі Екатерина Старостина сөз сөйледі.

Филиалдың жұмысына Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы оң баға берілді.

1.jpg

2.jpg

3.jpg