Ақтауда кеңес орталығы тұрғындардың сауалдарына жауап берді

121 11.12.2017

Ақтау қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының кеңес орталығында көптеген мәселелер қозғалып, жастарға, тұрғындарға әр түрлі салада кеңестер айтылады.

24775117_553240278357969_3760722743852251842_n.jpg

Әр кеңеске қатысқан мекемелер өз саласы бойынша азаматтарға мәселенің шешу жолдарын ұсынып келеді.

Бұл жолы орталыққа Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Асырова Лаура Аралбайқызы мен «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының консультанты Марат Абзал Ғабитұлы және «Жас Отан» ЖҚ өкілдері қатысты. Кеңеске бірнеше адам келіп сұрақтарына жауап алды. Бірі тұрғын-үй мәселесіне, енді бірі кәсібіне байланысты мәселелерді көтерді. Ең маңыздысы Мұнайлы ауданы, Баянды ауылының тұрғындары қоғамдық көлік мәселесіне байланысты шағымдарын жеткізді. Мереке күндері қоғамдық көліктің болмайтынын, демалыс күндері жиі қатынайтынын айтып, ауыл тұрғындары болып қол қойылған шағымын партияның облыстық филиалының назарына ұсынды.

24796467_553240275024636_7202232837143010433_n.jpg

Бұл мәселемен партияның қоғамдық қабылдау бөлімі күнделікті күн тәртібіне енгізді. Кеңеске «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері де атсалысып, баспанаға қол жеткізудің тиімді жолдарын айтты.Кеңес орталығына келген азаматтардың ішінде алған кеңесіне байланысты алғысын жеткізгендер де бар.