Талдықорғанда «Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн» кездесуі өтті

89 11.12.2017

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық «Зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн» тақырыбында Талдықорған политехникалық колледжінің жатақханасында колледж студенттерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - адамның жаны мен тәніне тигізетін әсерлері, денсаулығына зардап әкелетін зиянды соққы екенін түсіндіру және зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің біздің елімізде заң бойынша қорғалатыны екенін айту.

24796659_1880609302254240_1639255106934844684_n.jpg

Өз кезегінде, Алматы облысының «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлының айтуы бойынша, елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде үлкен мәселеге айналды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Ал, Талдықорған қалалық Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының психолог маманы Мөлдір Ибраимова тақырыпқа сай тренинг өткізді.

24837577_1880609352254235_7702335706482171963_o.jpg

Кездесуге Талдықорған қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының жас мамандары мен психологтар қатысты. Қосымша сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.

24837381_1880609322254238_1472067119389855306_o.jpg