Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы облысында салтанатты жиын өтті

90 12.12.2017

12 желтоқсан күні „Нұр Отан“ партиясы Алматы облыстық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өтті.

DSC_0025.JPG

Шараға мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері қатысады. Шарада Желтоқсан оқиғасы туралы бейнефильм көрсетіліп, Тәуелсіздік күніне қатысты баяндама оқылды.

DSC_0035 (1).JPG

Сондай-ақ, 2013 жылы Оңтүстік Корея мемлекеті Сеул қаласында өткен самбодан Азия чемпионы, 2016 жылы Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылы Түркімен мемлекеті Ашхабат қаласында өткен жабық ғимараттағы Азия ойындарының жеңімпазы Жұмабаева Динара Жүнісбайқызы құттықтау сөз сөйледі.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұл партия қатарына жаңадан қосылған 10 адамға партиялық билеттер ұсынды.

DSC_0104.JPG

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының алғыс хаттарымен партия белсенділері марапатталды.

Және де салтанатты жағдайда «Жас ұлан» және «Жас қыран» қатарына қабылдауға Талдықорған қаласындағы № 13 орта мектептің 10 оқу озаты ант беріп, оларға арнайы төс белгілер табысталды.