Қызылордада «Жас Отан» жастар қанатының ХI есеп беру-сайлау конференциясы өтті

286 20.9.2017

Бүгін «Достық үйінде» «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың қатысуымен «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының ХI есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияның күн тәртібінде Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру!» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының 2017 атқарған жұмыстары мен «Жас Отан» ЖҚ ІV съездіне Қызылорда облыстық филиалы атынан делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Жиын барысында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, партияның алға қойған мақсат міндеттерін орындауда 11 астам мүшесі бар жасотандықтар аянып қалмайтындықтарын жеткізді. 120 делегат қатысқан конферецияда бірыңғай қолдау нәтижесі бойынша Қызылорда облысынан «Жас Отан» Жастар қанатының ІV съездіне 43 үміткер делегат болып сайланды. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, аудандық партия филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары, «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімше басшылары мен жасотандықтар, облыстың белсенді жастары, облыстағы жас маслихат депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

1.JPG

2.JPG

3.JPG

4.JPG