Елбасы ұсынған 100 нақты қадам: ендігі меже – жастармен бірге ашық пікір алмасу.

«Еркін-пікір» дисскусиялық клубы өз жұмысын жалғастыруда. Осы апта ішінде Атырау, Ақсу және Қызылорда өңірлерінде «Жас Отан» ЖҚ мен «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалдарының ұйымдастыруымен Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бес институциналды реформасын жүзеге асыру мақсатында  жастармен бірге ашық пікір алмасу жөнінде жиын өткізілді.

Атырау облысында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясында өткен шараға  жергілікті «Жас Отан» ЖҚ Төрағасы А.Бопылдықов, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері мен жұмысшы жастар қатысты. Жиын барысында жастарға жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету жолында өмірде өз жолдарын таба білген азаматтар жөнінде  әңгіме өрбіді.

«100 нақты қадам» бағдарламасы  Ақсу қаласында да талқыланды.  Отырысқа «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Айдос Оразалин мен  120-ға жуық белсенді жастар қатысты. Олардың ішінде Ақсу фероқорытпа зауыты, «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ сынды ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастары бар. Жиында бағдарламаны жүзеге асыру жолындағы  жастардың міндеті, жауапкершілігі және  мамандыққа сай қызмет атқару сияқты өзекті мәселелері сараланды.

Гүлназ Салтанова, «Жас Отан» Ақсу қалалық бөлімшесінің басшысы: Қазақстанның болашағы – жастар қолында. 100 нақты қадам бағдарламасы  – еліміздің дамуына зор мүмкіндік беретін бағдарлама екендігі барлығымызға аян.   Сондықтан да аталмыш тақырыпты талқылау жастар үшін аса маңызды.

Аталмыш іс-шара Қызылордада өтті. Өңір жастары «100 нақты қадам» бес институциналды реформасын жүзеге асыру Қазақстанның өсіп-өркендеуі үшін аса маңызды бағдарлама екендігін алға тартты.

Leave a Comment