Жаңа әліпбимен таныссыз ба?

Бүгін «Жас Отан» белсенділері Астана қаласының сауда орталықтарының бірінде қонақтарға қабылданған жаңа әліпби нұсқасын таныстырып, пікірлерін білді. Орталық қонақтары жаңа әліпбимен танысып, кейбір сөздердің, қала атауларының енді қалай жазылатыны жайлы естіп, өз пікірлерін білдірді.

Бірі алғашқы екі нұсқаға қарағанда соңғы үлгісін ұнатқандарын айтса, шешімнің қабылданғанын естімегендері де бар екен. Басты мақсат – алғашқы болып көпшілікті қабылданған жаңа әліпби нұсқасымен таныстыру, оның халық арасында таралуына және қабылдануына талап ету.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

«Жастар Латын қарпін қос қолдап қолдаушылардың бірі. Алғашқы екі нұсқасына байланысты айтылған сындар ескерілген. Бұл тарихи сәт деп айтуға әбден болады. Бүгін көптеген пікірлер естідім, оқыдым. Осыған дейін ұсынылған 2 нұсқамен салыстырғанда, жағымды пікірлер басым. Жаңа әліпби, әсіресе, жастар үшін өте маңызды. Таңертең жаңалықты естігендегі алғашқы әрекетім, әліпбиге қарап отырып, өз есіміді жаздым. Жалғыз мен ғана емес, барлығы солай жасады деп ойлаймын. Енді бізді ұлт ретінде үлкен жұмыс күтіп тұр. Барлық ұлттық мұрамызды міз қалпында жаңа нұсқадағы әліпбиге ауыстыруымыз өте маңызды».

Алдыңғы жаңалық Шымкенттік жігіт 25 келі палау таратты

Leave a Comment