Шаралар күнтізбесі
Назад
Қыркүйек 2013 ж.
Вперед
ДсСсСрБсЖмСбЖс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Ауа-райы
Астана
+12 +14
Алматы
+13 +15
Біздің мақсатымыз

«Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәні, қызметінің мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары

«Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәні:

Қоғамның саяси өміріне қатысу;
«Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдай жасау «Жас Отан» ЖҚ-ның негізгі мақсаты болып табылады. «Жас Отан» ЖҚ — «Нұр Отан» ХДП саясатының белсенді жүргізуші, елдегі жастардың жағдайын жақсарту және оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру бойынша іс жүзіндегі қадамдарды іске асыру орталығы.

«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:

  • Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процесіне тарту;
  • Жастардың бойында қазақстандық патритоитзм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастанр саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
  • Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге-де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
  • Жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтап процестеріне тарту;
  • Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
  • Салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау;
  • Жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  • Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
  • Жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • Жастарды, аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
  • Уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
  • Дарынды жастарды іздеу, оларға көмек көрсету және ілгерлету;
  • Ғылым мен білімнің әртүрлі салаларындағы, мәдениет пен өнер, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жастардың ғылыми-зерттеу, ақпараттық жұмыстарын ұйымдастыру және оларды қолдау;
  •  «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген олардың міндеттерін халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
  • «Жас Отан» ЖҚ мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Осы Жарғыда белгіленген негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін «Жас Отан» ЖҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  • Республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қолдауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды
  • Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы қолданыстағы заңнаманың өзгерістері бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және сол көлемде ұсыныстар әзірлеуге қатысуға және оларды тиісті мемлекеттік органдарға енгізуге;
  • Қызметі «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарын, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін барлық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға;
  • Жастар бағдарламаларын, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеуге, қабылдауға, бекітуге және оларды іске асыруға белсенді қатысуға;
  • Еліміздегі жастардың мәдени-бұқаралық, спорт, қайырымдылық және балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалыстарын дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
  • Съездер, конференциялар, кеңестер, семинарлар, симпозиумдар, көрмелер, конкурстар, фестивальдар, концерттер және өзге-де іс-шаралар
  • «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ қызметінің түрлі бағыттары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға қатысуға;
  • «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ-ның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған түрлі қаржы көздерінен қаражат тартуға;
  • Басқа елдердің жастар ұйымдарымен, саяси партиялармен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату, оны дамыту және нығайту;
  • Соттарды және басқа да мемлекеттік органдарда, өзге-де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің заңды мүдделерін білдіруге және оларды қорғауға, қоғамдық пікірді зерделеуге;
  • Өз қызметі туралы, ақпаратты еркін таратуға;
  • Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру ісінде мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасауға, жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті, ақпараттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан, ұйымдардан белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
  • Жастар, жасөспірімдер мен балалар ұйымдарын құруға бастама жасауға;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарын құру, баспа қызметін жүзеге асыруға;
  • Заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға;
  • Меншікті және жедел басқаруында оқшау мүлкінің, дербес балансы мен сметасының болуына;
  • Мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға;
  • Қоғамдық бірлестіктер одағын (қауымдастығын), басқа да заңды тұлғалар құруға, сондай-ақ егер заңнамада өзгеше көзделмесе, халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға) қатысушы болуыға;
  • Филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
  • Қаражатты Жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға пайдалануға;
  • «Жас Отан» ЖҚ кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер «Жас Отан» ЖҚ мүшелері арсында бөлінбейді және қатаң түрде жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге-де іс-әрекеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

«Жас Отан» ЖҚ:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Жарғыда көзделген ережелерді сақтауға;
  • Өз мүшелерінің олардың құқықтары мен мүддесін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
  • Тіркеуші органды ірыңғай мемлекеттік тізілімне енгізілетін мәліметтер көлемінде «Жас Отан» ЖҚ-ның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жерінің өзгерістері және басшылар жөніндегі деректер туралы хабардар етуге;
  • Салық органдарына өз қызметі туралы есепті Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген мерзімде және көлемде беруге міндетті.