Мақсатымыз бен тарихымыз

12 қыркүйек 2013 , 11:42 · 98587 қараулар

Максатымыз

Жастар арасында мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.

Тарихымыз

«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді.

2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев «Жас Отан» ЖҚ алдына бірінші кезектегі тапсырмаларды қойды. Елбасы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлін атап, еліміздің әрбір жас азаматының өзінің әлеуетін дамыта алуға мүмкіндігі бар, бәсекелесуге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға шақырды.

«Жас Отан» ЖҚ І съезіне дейін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жастардың негізгі заңдық құжаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілді. Осы тыңдаулар аясында еліміздің барлық аймақтарында жастар конференциялары өткізіліп, съезге 310 делегат таңдалған. Съезге Қазақстан Республикасы жастар ұйымдарының өкілдері, партия мүшелері және Саяси кеңес бюросының өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері сонымен қатар шетелден келген жастар қатысты. «Жас Отан» ЖҚ қызметі І съезд делегаттары бекіткен жарғы және 2008-2011 жылдарға арналған қызмет стратегиясы бойынша жүргізілді. Осы съезде өткізілген сайлауда «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып Нұрлан Өтешев сайланды.

2012 жылдың 16 қарашасында «Жас Отан» ЖҚ «Арман. Еңбек. Сенім.» атты ұранымен II съезі өтті. Съезде еліміздің жастар саясатын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» стратегиясы қабылданды.

«Жас Отан» ЖҚ стратегиясының жобасын еліміздің барлық аймақтарындағы жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, жұмысшы жастар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері талқыға салды. Стратегияның 11 негізгі қызмет бағдары бар, олардың ішінде сапалы білім, еңбек, жастардың әлеуметтік бейімделуінің басты факторы, мәдени даму мен бірлік, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, волонтерлік қозғалыс және тағы басқалары.

Съезге шетелден келген жастармен бірге 9 мыңнан астам делегат қатысты.

Съезде келесі 4 мәселе қарастырылды:
1.    «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиясы ұйым қызметі үшін жаңа бағытқа айналды.  
2.    «Жас Отан» ЖҚ Жарғысына жастар саясатын дамытуға байланысты жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
3.    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі сайланды.
4.    Нұрлан Сыдықов «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы болып сайланды.

« Кері қайту